Осы жылдан бастап Қазақстандағы «Technovation challenge» бағдарлау байқауын ZHANARTU қайырымдылық қоры өткізетін болды.
Бүгін Астанада xалықаралық «Technovation challenge» IT-байқауының жүлдегерлері, алматылық оқушы қыздар «ZHANARTU» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Нұрәлі Әлиевпен жүздесті.
«ZHANARTU» қайырымдылық қорының баты мақсаты – Қазақстанның IT-дан дарынды өскелең ұрпақты қолдау.
Кездесу барысында Нұрәлі Әлиев «Technovation challenge қолдау көрсеткен алғашқы жобасы екенін және де оның қазақстандық топтың жеңісінен басталғаны, Қазақстанның IT болашағының жарқын екенін айшықтайтынын» атап өтті.
Сонымен қатар ол Қазақстандағы Technovation-ді жоғары жеңгейде ұйымдастырған осы байқаудың өңірлік амбассадорларына алғысын білдірді.
Алматылық оқушы қыздар өз кезегінде қор басшысын xалықаралық додада танымал еткен «QamCare» және «GoWaco» ұялы қосымшаларымен таныстырды.
«Мені әрқайсыларыңның болашақтарыңды дәл IT саласымен байланыстыратындарың қуантып отыр. Осыдан 20 жыл бұрын қазақстандық оқушы қыздардың өз бетінше бағдарлауды оқып, одан қала берді олардың ойлап тапқан ұялы қочымшаларын Кремни жазығының сарапшылары жоғары бағаланады дегенге ешкім сенбеуші еді», – деп қорытындылады Н.Әлиев.
Әңгіме барысында қыздар Сан-Франциско сапарынан алған әсерлері мен болашақ жоспарларымен бөлісіп, Қазақстанда қолдануға болатын ІT-жобаларды талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, тариxымызда бірінші рет қазақстандық екі топ «Technovation challenge» xалықаралық IT-байқауының ғаламдық финалына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Екі топтың бірі «/flash» ойлап тапқан «QamCare» ұялы қосымшасы байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.