info@zhanartu.kz
User login
Facebook
Instagram
Vkontakte
  • Басты бет
  • Қор туралы
    • Қордың негізін қалаушы және құрылтайшы
  • Жобалар
    • Шалғай ауылдардағы IT
    • Қазақстандық стартап жобаларды қолдау
    • Гранттар мен тағылымдамалар
    • Аналар үйі және қайырымдылық
  • Жаңалықтар
  • Галерея
  • Байланыс
  • en
  • ru

Қордың негізін қалаушы және құрылтайшы

<strong>Нұрәлі Әлиев</strong>

Нұрәлі Әлиев

«CAPITAL HOLDING» АҚ инвестициялық холдингінің акционері және иесі. Еліміздегі телекоммуникациялық және инфокоммуникациялық қызметтердің кең жиынтығын ұсынуға маманданған ірі байланыс операторларының бірі «ТРАНСТЕЛЕКОМ» АҚ акционері. «Қазақстанның машина құрастырушылар Одағы» Үйлестіру кеңесінің мүшесі. «Ана үйі» қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі. Қайырымдылық «Ана үйі» жобасының меценаты, аталмыш жоба аясында Алматы, Орал, Қарағанды, қалаларындағы «Аналар үйінің» асыраушысы. Қазақстан Республикасының альпинизм және спорттық құзға шығу Федерациясының Президенті. «Snow Leopard Foundation» жеке халықаралық қорының негізін қалаушы.

Еңбек жолын «Қант орталығы» АҚ халықаралық бөлімінен бастап, «Қант орталығы» АҚ президенті лауазымына дейін көтерілді. Кейіннен «Capital Holding» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы, «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстан дамыту банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

2014 жылдың желтоқсанынан бастап 2016 жылдың наурыз айына дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.

1985 жылдың 1 қаңтарында туылған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған – «Экономист, іскерлік әкімшілік магистрі» мамандығы бойынша экономика және қаржы бакалавры.

Пеппердайн университетінің бизнес-әкімшілік бакалавры, Имадек Университетінің бизнес-әкімшілік магистрі.

© 2017 ZHANARTU. Барлық құқықтар сақталған.

  • Басты бет
  • Қор туралы
  • Жобалар
  • Жаңалықтар
  • Байланыс
  • en
  • ru