info@zhanartu.kz
User login
Facebook
Instagram
Vkontakte
  • Басты бет
  • Қор туралы
    • Қордың негізін қалаушы және құрылтайшы
  • Жобалар
    • Шалғай ауылдардағы IT
    • Қазақстандық стартап жобаларды қолдау
    • Гранттар мен тағылымдамалар
    • Аналар үйі және қайырымдылық
  • Жаңалықтар
  • Галерея
  • Байланыс

Жақсы IT маман, бұл керемет математик

01.05.2020Aliya Аbulkhairova

Бүгін КИМЭП Университетінде «Нұрәлі Әлиев атындағы Бизнестегі ақпараттық жүйелер» (BISB) бакалавриаты бағдарламасы бойынша гранттың бақытты иегері Дінмұхаммет Жолдыбай өзі туралы айтып береді. Біздің студент КИМЭП пен BISB бағдарламасын неге таңдағаны туралы айтып береді, сондай-ақ өзінің қарапайым табыс құпиясымен бөліседі.

Дінмұхаммет Жолдыбай: «Жақсы IT-маман, бұл керемет математик. Бұл жерде мен де ерекшеленбедім. Өзімдегі іргетасы берік қаланған математика ақпараттық технологиялар әлемінде көп нәрсеге қол жеткізуге көмектесті.

Барлығы мектеп олимпиадаларынан басталып, Болгарияда мен бірінші орын алған чемпионатпен аяқталды. Бірақ мен болашақта, егер мен математиканы әрі қарай оқысам, кім боламын деп әрқашан ойладым. Осылайша мен 7-сыныпта информатикамен таныстым. Мен компьютерде отырдым және компьютерлік ғылымды күн бойы зерделедім. Мұның өте қызықты болғаны соншалықты, мен тіпті бірнеше тілде сөйлеуді үйренгенімді байқамадым. Бірақ бұл қарапайым тілдер емес, бағдарламалау тілдері болды. Мен робот техникасы клубына қосылдым, онда технологияның аппараттық бөлігін зерттедім. Осыдан кейін менің әлемге деген көзқарасым толығымен өзгерді. Мен әлемді бірліктер мен нөлдермен көре бастадым. Бұл айналаңдағы барлық заттардың қалай жұмыс істейтінін түсінген кездегі керемет сезім болды. Мен жеткілікті білім алған соң, мен өз дегенімді құра бастадым. Lego текшелеріне бір қарағанда одан үлкен сарайды көретін кішкентай баланы елестетіңіз. Мен де сондай болдым. Мен енді өз қалаған нәрсемді жасай алатынымды түсіндім. Жобалар ұсақ бағдарламалардан бастап ұшатын дрондарға дейін әртүрлі болды. Бірақ бұл жерде проблема туындады.

IT-жобалар жарыстарының бірінде біз серіктесімізбен бір нәрсені түсіндік: шындық – ол жобаға ақша қажеттігі. Бізге жобаны дамытуға ешкімнің де ақша бермейтіні анық. Біз жобаның алға жылжуын ойладық. Мен өте маңызды сәтті, яғни өз жобамызды сата білуіміз керектігін…жіберіп алғанымды түсіндім.

Университетке түсу сәті келді. Менің таңдауым болды: не ҚБТУ-ға түсу, онда мен өз техникалық білімімді одан әрі жақсартар едім, не жобаларды басқару бойынша білім алуыма болатын «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» мамандығына КИМЭП-ке түсу. Ұзақ ойланбастан, екінші нұсқаны өзіме қолайлы деп шештім. Оның үстіне мен бес жыл бойы үздіксіз оқыған техникалық білімім жеткілікті болды. Әртүрлі олимпиадалар мен жарыстарда жүлделі орындар мен марапаттар оған дәлел болады.

Мен КИМЭП университетіне теориялық және практикалық тәжірибесі мол түрлі салалардан тәжірибелі оқытушылардың осындай үлкен базасын құрғаны үшін ризамын. Шынымды айтсам, олардың қызықты дәрістерін ұзақ уақыт тыңдауға болады! Мен «ZHANARTU» қорына осы профессорлардан оқуға мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін.

Мен бүгін өз оқуыммен қатар немен айналысамын? Мен «HalykBank» жобасына жетекшілік етемін, өзімнің жобаларым бойынша жұмыс істеймін, олар жақында барлығын таң қалдырады деп үміттенемін. Сонымен қатар мен бакалавриат бағдарламасын бар болғаны 2 жыл ішінде аяқтау жолындамын. Менің қолымнан келеді деп үміттенемін!

Кез келген басқа адам сияқты, мен де сәтсіздіктерге ұшырадым, бірақ бәрі дәл осылай болғанына қуаныштымын, өйткені мен қандай да бір IT-жобамен жұмыс жасаған сайын бақытқа кенелемін. Дәл осындай бақыт сезімі Математика бойынша халықаралық олимпиадада жеңіске жеткенімде де жетіспеді. Сондықтан әрбір оқырманға рақатқа бөленетін іспен айналысуды тілеймін. Менің ойымша, бұл жетістіктің қарапайым құпиясы».

Алдыңғы пост Бүгін «ZHANARTU» қорының стипендиаты болу құрметіне иемін Next Post Бағдарламалау  – «шығармашылық экспрессиясы» тәсілдерінің бірі»

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Іздеу

Категориясы

  • IT ауылда (1)
  • Uncategorized @kz (2)
  • Видео галереясы (1)
  • Гранттар (9)
  • Жаңалықтар (28)
  • Стартап (2)

Соңғы жаңалықтар

  • Дінмұхаммет Жолдыбай: мен дер кезінде қажетті жерде болдым 04.02.2021
  • Нурали Алиевтің «ZHANARTU» қайырымдылық қоры және оның серіктестері Қазақстанға гуманитарлық көмек жеткізді 02.10.2020
  • Іс талантта да, ой саптауында да емес, еңбексүйгіштік пен ұмтылыста 10.07.2020
  • Нұрәлі Әлиев теңбілше Симбаға арналған торқоршау салуға дайын 08.07.2020
  • IT – заманауи жобаларды жасайтын ұлы өнер 16.06.2020
  • Мен өз мақсатымды  ІТ – консалтинг бойынша өз компаниямды табысты басқарудан көремін 08.06.2020
  • Бағдарламалау  – «шығармашылық экспрессиясы» тәсілдерінің бірі» 20.05.2020
  • Жақсы IT маман, бұл керемет математик 01.05.2020
  • Бүгін «ZHANARTU» қорының стипендиаты болу құрметіне иемін 01.04.2020
  • Мамандығым маған жаңа елдер мен жаңа мүмкіндіктер ашты 06.03.2020

Облако меток

IT Zhanartu Интернет ауыл инфрақұрылым

© 2017 ZHANARTU. Барлық құқықтар сақталған.

  • Басты бет
  • Қор туралы
  • Жобалар
  • Жаңалықтар
  • Байланыс