КИМЭП Университетінде «Нұрәлі Әлиев атындағы Бизнестегі ақпараттық жүйелер» (BISB) бағдарламасы бойынша гранттың иегері Абылайхан Әшім біздің қордың жетекші әріптесі – «Транстелеком» АҚ практикадан өткен алғашқы студент болды. Абылайхан өзінің интернет пен технологияларға деген сүйіспеншілігінің тарихымен бөлісті. Сіз дарынды IT-шниктің мектепте оқып жүріп, фортепианода ойнап, бал билерімен шұғылданып, футбол ойнауға да үлгеріп, үлгілі бала мен сүйсінетін аға бола білгенін білесіз.
Абылайхан Әшім: «Менің атым Абылайхан. Мен Қызылорда қаласының тумасымын, ал қазір, менің ойымша, болашағы бар КИМЭП Университетінде GPA 4+ бар студентпін. Бұл интернетте оңай табуға болатын ақпарат. Алайда, менің мұнда қалай келгенімді, не істеп жатқанымды, ақыры, сіз «ZHANARTU» қорының парақшасында неге мен туралы оқып жатқаныңыз? туралы төменде білесіз.
Алматыда менің жолым YouTube-тың нағыз қызған кезінде басталды, ол кезде 12 жасар оқушы өз арнасын жасап шығаруды шешті. Бүгінгі күні табыс құралы болып табылатын іс, ол кезде маған эксперименттерге арналған қызықты платформа болып көрінді. Алтыншы сынып оқушысының мектептен үйге келе салысымен, оқыту бейнелерін жазуға кірісу көрінісі, әрине, қызық. Мұнда қызықтысы бұл бейнежазбаның танымал әрі аудиторияға ие болуы. Өйткені, 2012 жылы Minecraft туралы оқыту бейнежазбасында 60 мың адамның көріп шығуы, деңгей деп айтуыма тұрарлық.
Желідегі кейінгі табысты тәжірибеме бірнеше жылдан кейін, жасым 15-те болған кезде жеттім. Жеткіншек шақта әрі жағдай әлдеқайда бірқалыпты болатын. Өзімнің тамаша музыкалық талғамға иемін деп шешкен жас шағымда «ВКонтакте» жабық қауымдастығымды ашуды шештім, онда мен өзі тыңдаған музыкамен бөлісе алатын едім. Қауымдастықтың осындай мыңдаған «қоғамдықтан» бір ерекшелігі бар болатын. Бұл ерекшелік – WAV, AIFF және FLAC контейнерлерінде жоғары сапалы музыкамен бөлісуім болды. Ол үшін мен вайтнеттегі (дарккет антонимі) ең жабық музыкалық трекердің тұңғиығына үңілдім, оның ең қарапайым аккаунттары 500 $-дан сатылды. Мазмұны әрдайым біртума әрі жаңа болды, сондықтан оған кіру оңай болмады. Сұхбат ағылшын тілінде нақты уақыт режимінде өтті, онда теория жағынан көптеген сұрақтар болды, бірақ мен аккаунтқа қол жеткіздім. Осының бәрі сол $500 алу үшін жасалды ма? Әрине, жоқ. Мен өзіме ұнататын және сонымен бірге басқа адамдарға көмектесетін нәрселерді жасап, сынауға тырыстым. Кейіннен мен бір айдан аспайтын уақытта 500 нақты және белсенді қатысушылары бар жабық қауымдастық құра алдым. Ал 100 мыңдық аудиториясы бар ересек топ әкімшілерінің контентті Қызылорда қаласынан шыққан 15 жасар энтузиаст бастаған кіші тобынан ала бастаған кезде, өз жұмысымның алғашқы жемісін көре бастадым.
Енді менің интернетке деген қызығушылығымды және ол ұсынатын мүмкіндіктерді елестету оңай деп ойлаймын. Бұл менің болашағымды нақ осы саламен байланыстыруымның себебі болды деп пайымдаймын. Сіз мені қалай болса да елестете алғаныңыз рас па? Егер солай болса, онда ол аздап қате. Бұдан бөлек, мен әрқашан қозғалыста болдым. Менің есімде таңертең 9-ға дейін ұйықтауға мүмкіндік беретін жұмыс күні жоқ. Мені оятып, классикалық би сабақтарына, фортепиано сабақтарына жіберу үшін бөлмеде жүгіріп жүрген інім, артынша фортепиано сабақтары, түскі асқа арналған кішігірім үзіліс және мектептегі сабақтар, аяғында ертең бәрі қайталанатынын бір сәтке ұмытып, аулаға футбол ойнауға ұмтылдым. Мұндай қозғалыс біреулерге ақылға қонбайтындай болып көрінеді. Жеке өзім үшін бұл қозғалысты жалғастырудың ынталандырушысына айналды және осының барлығы үшін мен, бірінші кезекте, өз отбасыма алғысымды білдіремін.
Бүгін «ZHANARTU» қайырымдылық қорының стипендиаты болу құрметіне иемін. Ақпараттық жүйелер мен бизнес саласында білім алу туралы менің арманым қазір «ZHANARTU» тегін білім беру гранттарының арқасында жүзеге асырылуда. Кейіннен қазақстандық қоғамға қызмет ету барысында қажетті дағдыларды алудың осы мүмкіндігін мен қуана қабылдаймын.
Жақында мен «Транстелеком» АҚ компаниясының Алматы филиалында өзімнің алғашқы практикамды аяқтадым. Бұл АТ, байланыс, автоматика және энергетика саласындағы Қазақстандағы ірі байланыс операторларының бірі. Бұл, әрине, жаңа адамдар, жаңа тәжірибе және практикада өз дағдыларымды алғаш қолдануым. Технологиялардың түйісу дәуірінде пәнаралық білімнің маңыздылығы талап болып табылады, оған мен практикада көз жеткіздім, сондықтан менің «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» мамандығым қазіргі кездегі білім беру қызметтерінің жергілікті нарығында бірегей ғана емес, сонымен қатар ең қызықты шешім болып табылады деп санаймын.
Осы жағдайды пайдалана отырып, мен «ZHANARTU» қорына және оның негізін қалаушы Нұрәлі Әлиевке КИМЭП Университетінде, еліміздің ең үздік гуманитарлық-экономикалық ЖОО-да оқуға қолдау көрсеткені және мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін және өз отбасыма үлгілі ұл әрі аға болып қаламын».