info@zhanartu.kz
Войти
Facebook
Instagram
  • Басты бет
  • Қор туралы
    • Қордың негізін қалаушы және құрылтайшы
  • Жобалар
    • Шалғай ауылдардағы IT
    • Қазақстандық стартап жобаларды қолдау
    • Гранттар мен тағылымдамалар
    • Аналар үйі және қайырымдылық
  • Жаңалықтар
  • Галерея
  • Байланыс
  • en
  • ru

«Power Camp» – жасөспірімдерге арналған бірегей спорттық лагерь

31.08.2023Aliya Аbulkhairova

«Janym» қоғамдық бірлестігі «ZHANARTU» қайырымдылық қорының қолдауымен Алматы қаласында «Power Camp» жасөспірімдерге арналған бірегей спорттық лагерін ұйымдастыруға бастамашылық етті.

18 және 25 тамыз аралығында Алматы қаласының демалыс аймақтарының бір базасында 11 және 16 жас аралығындағы ұл балаларға арналған «Power Camp» бірегей спорттық лагері өткізілді.

30-ға жуық жасөспірім ұл бала «Мен өз агрессиямнан не себеппен арылғым келеді?» тақырыбында ынта-эссе бағалау негізінде іріктеуден өтті. Қазақстан балалары мен жасөспірімдеріне тегін психологиялық қолдау көрсететін «JANYM» порталының құрылтайшылары мен психологтары қатарынан қазылар алқасы жұмыстарды бағалады. Деструктивті эмоцияларды жеңуде қиындықтары бар жасөспірімдерден өте көп өтініш түсті.

Осы қайырымдылық жобаның мақсаты – жастарға олардың даму процесінде елеулі қолдау және көмек көрсету, өмірлік қиындықтарды жеңу және өз мәселелерін тиімді шешудің сындарлы жолдарын табу.

Жобаның идеялық дем берушісі және жетекшісі ретінде Алан Әлиев болды. «Мұндай спорттық лагерьлер саналуан белсенді демалысқа мүмкіндік беріп қана қоймай, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, жанжалдарды шешуге, сондай-ақ өз эмоцияларын басқаруға да көмектеседі», – деді Алиев Алан.

 

 

«Power Camp» аясында жастар 5 реттік тамақтанумен қамтамасыз етілді; бір апта бойы физикалық және психологиялық даму іс-шараларына қатысты. Күн сайын балаларды спорттық жарыстар, психикалық денсаулықты нығайтуға бағытталған тренингтер, ашық ауада серуендеу мен ойындар, бассейн, футбол, кешкі дискотекалар мен кинокештермен белсенді бағдарлама күтті. Барлық тренингтер мен спорттық іс-шараларды тәжірибелі жаттықтырушылар мен білікті психологтар өткізді.

«Power Camp» жаттықтырушылары ойнау және бәсекелесу арқылы көптеген қатысушылар бір-бірімен достасып алғанын атап өтеді. Бұл жобаға қатысу балалар арасындағы шынайы достықтың бастамасы болар деп үміттенеміз.

Лагерь жұмысы аяқталғаннан кейін барлық жасөспірімдерге естелік кәдесыйлар мен ұйымдастырушылар ұсынған сыйлықтар табыс етілді. Өз кезегінде, «Power Camp» қатысушылары ұйымдастырушыларға, барлық спорттық жаттықтырушылар мен психологтарға бірегей лагерь ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

 

Алдыңғы пост Ойындарды әзірлеу және виртуалды шындыққа айналдыру Next Post «Технологияның мүмкіндігінде шек жоқ» – Фрэнсис Амаго  

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Іздеу

Категориясы

  • IT ауылда (1)
  • Uncategorized @kz (4)
  • Видео галереясы (1)
  • Гранттар (12)
  • Жаңалықтар (42)
  • Стартап (2)

Соңғы жаңалықтар

  • “ЭЕМ оқыту және үлкен деректерді өңдеу – BIS бағдарламасының студенттердің қызығушылығын тудыратын негізгі тақырыптардың бірі ” – Энгин Менди 09.11.2023
  • «Технологияның мүмкіндігінде шек жоқ» – Фрэнсис Амаго   26.10.2023
  • «Power Camp» – жасөспірімдерге арналған бірегей спорттық лагерь 31.08.2023
  • Ойындарды әзірлеу және виртуалды шындыққа айналдыру 09.07.2023
  • IT-үрдістер: «Компьютерлік көру» 25.05.2023
  • AR, AI, блокчейн, деректерді өңдеу және басқа технологияларды қолдану арқылы бизнесті цифрландыру 12.04.2023
  • 2023 жылы компанияларға өз бизнесін цифрландыруға не кедергі? 05.04.2023
  • Нұрәлі Әлиев «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» Бакалавриат бағдарламасының алғашқы түлектерін құттықтады 03.06.2022
  • «Бұл тек биттер мен байттар емес» – доктор Умут Тосун 31.03.2022
  • “BISB бағдарламасының ерекшелігі – оның бірегейлігі” – Анара Агибаева 10.02.2022

Облако меток

IT Zhanartu Интернет ауыл инфрақұрылым

© 2017 ZHANARTU. Барлық құқықтар сақталған.

  • Басты бет
  • Қор туралы
  • Жобалар
  • Жаңалықтар
  • Байланыс
  • en
  • ru