Қазақстандық оқушы қыздар халықаралық ІТ байқауында Қазақстан үшін ойлап тапқан өздерінің бірегей мобильді қосымшаларын таныстырмақ.
Мамырдың 1 күні Нұрәлі Әлиевтың «ZHANARTU» қайырымдылық қорының қолдауымен Алматы қаласындағы «Тұран» университетінде халықаралық «TECHNOVATIONChallenge» IT байқауының бірінші өңірлік іріктеу туры өтті.
«Technovation Challenge» – бұл 10-18 жас аралығындағы қыздар арасында ІТ және кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға арналған халықаралық әлеуметтік, гендерлік бағдарлама. Әлем бойынша оқушы қыздар ( 78 мемлекетте) қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған өздерінің мобильді қосымшаларын ойлап табады. Халықаралық байқаудың жеңімпаздары 10 000 АҚШ доллары көлеміндегі бас жүлдені иеленеді. Байқау ұймдастырушысы селикон алаңындағы «Iridescent» бейкоммерциялық, қайырымдылық ұйымы.
Байқау аясында әділ-қазылардың назарына өздерінің мобильді қосымшаларын Алматы, Өскемен, Қостанай, Атырау, Талдықорған, Шымкент және Тараз қалаларынан келген 27 команда таныстырды.
Ересек топтар арасында «/flash»командасының шұғыл қажет болса қас қағым сәтте туған-туыстарына өзінің қайда екеніні жайында хабарлама жіберетін «QamCare» қосымшасы үздік деп танылды. Мобильді қосымшаның ерекшелігі сол – оның жедел хабарламаны ұялы телефонсыз-ақ тиісті адамдарға жіберетін «SOS» тетігінде.
Екінші орынға лайық деп танылған «Whynot?» командасының «iDonor» мобильді қосымшасы халық арасында донорлықты наихаттайды. Донорлар үшін де, реципиенттер үшін де оңтайлы қосымша болуы ықтимал донорлар мен Алматы қаласының қан орталығы арасындағы дәнекер болмақ. Ол қан донорын іздестіруге кететін уақтты үнемдеуге бағытталған.
Үшінші орынды иеленген «GoWaco» командасының аттас қосымшасы мектеп оқушылары мен студенттер арасында макулатураны іріктеп, тапсыру және пайдаға асыруды насихаттайды. «GoWaco» мобильді қосымшасы арқылы оның белсенді қолданушылары бонустар мен балдар жинап, өзге де қолданушылармен макулатура тапсыруда жарысқа түсе алады.
Кіші топтар арасында екі мобильді қосымшаның бағы жанды.
«Almastars» командасының «Save pets» қосымшасының базасында үй-күйсіз жануарлар туралы бар ақпарат тоғыстырылып, ниет еткн кез келген адамға сол жануарлардың бірін таңдап алуға жәрдемдеседі.
Ал «A-set» командасының онлайн-шопингке арналған «Saveme» мобильді прототипі кең таралған азық-түрлерін сатып ала отыра, қайрымыдылық жарналарын өсіруді көздейді.
Шара соңында Сан-Францискода өтетін ақтық сынға жолдама алған жеңімаздарды марапаттау салтанаты болды. Жеімпаздар мен қатысушылар байқаудың бас серіктесі – Нұрәлі Әлиевтің «ZHANARTU» қайырымдылық қорының тарапынан сый-сияпатқа ие болды.
Басқа командалар үшін соңғы өңірлік іріктеу туры 7 мамыр күні Астана қаласындағы Республикалық физико-математикалық мектебінде өтеді.