«CAPITAL HOLDING» АҚ инвестициялық холдингінің акционері және иесі. Еліміздегі телекоммуникациялық және инфокоммуникациялық қызметтердің кең жиынтығын ұсынуға маманданған ірі байланыс операторларының бірі «ТРАНСТЕЛЕКОМ» АҚ акционері. «Ана үйі» қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі. Қайырымдылық «Ана үйі» жобасының меценаты, аталмыш жоба аясында Алматы, Орал, Қарағанды, қалаларындағы «Аналар үйінің» асыраушысы болған. «Snow Leopard Foundation» жеке халықаралық қорының негізін қалаушы.
Еңбек жолын «Қант орталығы» АҚ халықаралық бөлімінен бастап, «Қант орталығы» АҚ президенті лауазымына дейін көтерілді. Кейіннен «Capital Holding» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы, «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстан дамыту банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарды. 2014 жылдың желтоқсанынан бастап 2016 жылдың наурыз айына дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.
Қордың Нұрәлі Әлиев тарапынан толық қолдау тапқан алғашқы жобаларының бірі – 10-18 жастағы қыздар арасында “Technovation Challenge” бағдарламалау бойынша халықаралық IT-конкурсы. Үш жыл қатарынан қор бүкіл ел бойынша “Technovation Kazakhstan” конкурсынұйымдастырудың бас серіктесі және демеушісі болып табылады. Осылайша, Қазақстан тарихында тұңғыш рет отандық оқушылар командасы мобильді қосымшасын әзірлегені үшін Сан-Францискода өткен жаһандық финалда бірінші гран-при орынды иеленді.
Сонымен қатар, “ZHANARTU” қоры жұмыс істей бастағаннан бері Нұрали Рахатұлы Қазақстандағы жетекші бизнес мектебі – КИМЭП Университетінің Бэнг атындағы бизнес факультетінде “Бизнестегі ақпараттық жүйелер” (BISB) бакалавриатының бірегей академиялық бағдарламасын ашуға бастамашы болды. Дерекқорларын, жеткізу тізбегін басқару, бағдарламалау, статистика, электрондық бизнес, бұлтты технологиялар сияқты пәндерді зерделеуді көздеп, бағдарлама бизнес үшін ақпараттық технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Қор құрылтайшысы әлемдік пандемия кезінде да шетте қалмады, қазақстандық ауруханалар мен COVID стационарларына медициналық жабдықтар мен медициналық маскалар түрінде гуманитарлық көмек көрсетті. Осылайша, 2020 жылдың жазында коронавирустық жұқпаға қарсы күрес қызу жүріп жатқан кезде “ZHANARTU” қайырымдылық қоры Нұралы Әлиевтің серіктестерімен және достарымен ҚХР-нан гуманитарлық көмек жеткізуді ұйымдастырды. Қор Қазақстанның медициналық мекемелері үшін 7F-10 300 оттегі концентраторын және Positive Airway Pressure Units YH-830 (Bi-level) with Independent Humidifier with LCD screen 26 өкпені жасанды желдету аппараттарын тегін негізде ұсынды.
1985 жылдың 1 қаңтарында туылған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған – «Экономист, іскерлік әкімшілік магистрі» мамандығы бойынша экономика және қаржы бакалавры. Пеппердайн университетінің бизнес-әкімшілік бакалавры, Имадек Университетінің бизнес-әкімшілік магистрі.
КИМЭП Университетінің “Ақпараттық жүйелерді дамытуға қосқан үлесі және Қазақстан Республикасындағы белсенді көшбасшылық ұстанымы үшін” құрметті дәрежесінің иегері. Stanford Executive Program түлегі, Стэнфорд университеті, АҚШ.