Қымбатты достар!
Қазақстанда меценаттардың, мейірбан жандардың және қайырымдылық ұйымдарының қатары жылдан жылға артып келе жатқандығы бізді қуантады. Әр түрлі қайырымдылық акцияларына ат салысу арқылы көпшілікке көмек қолын созушылар саны да барған сайын көбейіп келеді.
Біраз жылдан бері біздің отбасымыз да осы үрдістен қалмай, түрлі әлеуметтік жобалар мен шараларға белсене қатысып жүр. Енді міне, өзіміздің жеке «ZHANARTU» қайырымдылық қорымызды ашқанымыз туралы қуанышты хабармен бөліскіміз келіп отыр.
Біз үшін қайырымдылық деген – біз қолдау көрсететін жандар алдында және өзіміз үшін үлкен жауапкершілік болып табылады. Біз өзіміздің көңілімізден шыққан жандар мен шараларға ізгі ниетпен, шынайы сезіммен көмектесетін боламыз.
Біз Қазақстанның өскелең ұрпағына, олардың ақыл-парасатына, талантына, әлемді жақсы жағына қарай өзгертемін деген талабы мен қабілетіне сенеміз.
Бұл қайырымдылық қор Қазақстанда ақпараттық технологияларды дамыту мен оны алға қарай жылжыту шараларына басты назар аударады. Қордың көздеген мақсаты – жас АT дарындарын анықтап, оларды қолдау, талантты оқушылар үшін ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға білім гранттарын бөлу, сонымен қатар ауыл оқушыларының АT біліміне тең дәрежеде қол жеткізуіне жағдай жасау.
Қордың тағы бір маңызды бағыты – стартап-экожүйелерін дамыту және еліміздің жаңашыл жастары мен кәсіпкерлерін тәрбиелеу мен баптау.
Қор бағдарламаларының әрбір қатысушысы біздің қамқорлығымызға бөленеді. Олар ғаламдық нарықта бәсекеге қабілетті болып, ойлағанын емен- еркін жүзеге асыруға үйренеді.
Сонымен қатар, қор өзінің қосымша қайырымдылық бағдарламаларының аясында әрталай қайрымдылық жобалар мен шараларға ат салысып, мұқтаж жандарға әртүрлі көмек түрлерін көрсетпек.
Әрине, Қазақстандағы жетімдер мәселесінің алдын алу үшін, «ZHANARTU» қоры «Ана үйі» қайырымдылық жобасын өз қамқорлығынан шығармайтыны да сөзсіз.
Біздің алдымызда қордың негізгі міндеттерін атқару жолында әрталай жаңаша белестер күтіп тұр. Қазақстандықтардың жас толқыны еліміздің жаңа тарихын жасауға өздерінің сүбелі үлестерін қосуы үшін бұл қайырымдылық қор барлық жағдайларды жасайтынына кәміл сенімдіміз.
Ізгі тілекпен, Нурәлі Әлиев