info@zhanartu.kz
Войти
Facebook
Instagram
  • Басты бет
  • Қор туралы
    • Қордың негізін қалаушы және құрылтайшы
  • Жобалар
    • Шалғай ауылдардағы IT
    • Қазақстандық стартап жобаларды қолдау
    • Гранттар мен тағылымдамалар
    • Аналар үйі және қайырымдылық
  • Жаңалықтар
  • Галерея
  • Байланыс

Ұлыбритания Колледжнінің өкілі Астана қаласына келді

26.04.2018Aliya Аbulkhairova

Математика және ғылым Ұлттық Колледжінің халықаралық  рекрутинг бойынша директоры Вероник Робинсон және «ZHANARTU» қайырымдылық қоры Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне келді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова қарсы алып, Зияткерлік мектептердегі оқу жүйесінің ерекшеліктерімен таныстырды. Қонақтар мектеп кітапханасында, оранжерея мен оқу кабинеттерінде болып, жоғары сыныптарда оқитын стартаптар мен IT жобалар жарыстарының жеңімпаздарымен сұқбаттасты.

Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Математика және ғылым Ұлттық Колледжі өкілдерінің кездесуі өте нәтижелі өтті. Кездесу барысында өзара ынтымақтастық шараларының басым бағыттары талқыланып, «ZHANARTU» қайырымдылық қорының  қатысуымен 15-16 жастағы қазақстандық оқушыларға арналған «NIS – NMSC Foundation» бірлескен бағдарламаны дайындау туралы әңгіме болды.

– Мен Зияткерлік мектепке асқан қызығушылық танытып, жұмыс жүйесін құруда көптеген ойларымыз сәйкес келетінін көріп отырмын. Біздерде ортақ нәрсе көп, біз мектептеріміздің жұмысына оң әсер беретін өзара байланысымызды нығайту мүмкіндіктерін қарастыруға дайынбыз және ниеттіміз, – деді Вероник Робинсон.

Математика және ғылым Ұлттық Колледжі – дарынды жастарды әлемнің ең әйгілі де беделді жоғары оқу орындарына түсуге дайындайтын британдық оқу орны.

Алдыңғы пост Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар Next Post TECHNOVATION – қыздарды IT саласына үйрететін жоба

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Іздеу

Категориясы

  • IT ауылда (1)
  • Uncategorized @kz (4)
  • Видео галереясы (1)
  • Гранттар (12)
  • Жаңалықтар (42)
  • Стартап (2)

Соңғы жаңалықтар

  • “ЭЕМ оқыту және үлкен деректерді өңдеу – BIS бағдарламасының студенттердің қызығушылығын тудыратын негізгі тақырыптардың бірі ” – Энгин Менди 09.11.2023
  • «Технологияның мүмкіндігінде шек жоқ» – Фрэнсис Амаго   26.10.2023
  • «Power Camp» – жасөспірімдерге арналған бірегей спорттық лагерь 31.08.2023
  • Ойындарды әзірлеу және виртуалды шындыққа айналдыру 09.07.2023
  • IT-үрдістер: «Компьютерлік көру» 25.05.2023
  • AR, AI, блокчейн, деректерді өңдеу және басқа технологияларды қолдану арқылы бизнесті цифрландыру 12.04.2023
  • 2023 жылы компанияларға өз бизнесін цифрландыруға не кедергі? 05.04.2023
  • Нұрәлі Әлиев «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» Бакалавриат бағдарламасының алғашқы түлектерін құттықтады 03.06.2022
  • «Бұл тек биттер мен байттар емес» – доктор Умут Тосун 31.03.2022
  • “BISB бағдарламасының ерекшелігі – оның бірегейлігі” – Анара Агибаева 10.02.2022

Облако меток

IT Zhanartu Интернет ауыл инфрақұрылым

© 2017 ZHANARTU. Барлық құқықтар сақталған.

  • Басты бет
  • Қор туралы
  • Жобалар
  • Жаңалықтар
  • Байланыс