Жақында «Цифровой форум 2023» барған кезде еңбектері динамикалық технология әлімі және ІТ тікелей байлансты КИМЭП Университетінің құрметті ұстаздарының бірін кездестіріп, сұхбат алудың сәті түсті. Мемлекеттік басқару факультетінің профессоры Амаго Френсиспен болған қысқаша сұхбатты бүгін Сіздермен қуана бөлісеміз. КИМЭП Университетінің негізінде ашылуы жоспарланған Бағдарламалық инженерия Мектебіне түсу үшін талапкерлерге қандай дағдыларды игеруі керектігін білу үшін біздің сұхбатты тыңдаңыз.
ZHANARTU: Өзіңіз жайлы айта кетіңізші, қай жерде білім алдыңыз және тәжірибе жинадыңыз, КИМЭП Унверситетіне қалай келдіңіз?
– Мен АҚШ-та азаматтық құрылысты оқыдым (Азаматтық құрылыс саласының ғылым бакалавры, Prairie View Agricultural and Mechanical University, АҚШ). Сондай-ақ азаматтық сұрылыс саласының маристрі дәрежесін алдым (Інженерлік іс (азаматтық құрылыс) саласының ғылым магистрі, Прери Вью ауыл шаруашылығы және механикалық университеті, АҚШ). Кейіннен жоба менеджері, инженерлік жобалар бойынша мемлекеттік үкіметтің кеңесшісі болып жұмыс істегендіктен, MBA дәрежесін алуды шештім (Master of Business Administration (Management and Finance), Virginia State University, USA).
Кейінірек мемлекеттік сектордың тиімсіз екендігін түсініп, мемлекеттік қаржыны басқару басқармасы саласында PhD дәрежесін алуды шештім (PhD in Public Policy and Administration with a concentration in Public Financial Management). Осыдан соң КИМЭП Университетіне келіп, мемлекеттік басқару факультетінде «Қаржылық менеджмент» мамандығын дамытуға ат салыстым. Бұл ісім сәтті шығып, Қазақстандағы мемлекеттік және жеке сектордағы көшбасшыларды дайындауға көмектесті. Студенттерімнің көпшілігі «үлкен төрттікте» жұмыс жасайды, кейбіреулері Еуропа мен АҚШ университеттерінде профессор болды.
ZHANARTU: Сіз қазір қандай пәндерінді оқытасыз?
– Қазіргі уақытта мен негізінен қаржылық менеджмент курстарын оқытамын: «Қаржылық менеджмент», «Қаржылық бақылау», «Инвестицияларды басқару», «Мемлекеттік басқару», «Әкімшілік этика», «Басқару есебі», «Магистрлік диссертация», алайда, енді бізде PhD бағдарламасы бар, мен PhD бағдарламаларының көпшілігіне жауаптымын.
ZHANARTU: Сіздің студенттеріңіз үшін ең қиыны не?
– Қаржылық менеджментті оқыған студенттерім алдымен бұл курста есептеулер жүргізу қажеттігінен қорқатын. Семестрдің ортасына қарай олар есептеулердің өздері ойлағандай қиын емес екенін түсінді. Курстың қиындығы туралы ой негізінен студенттің басында болады. Сонда бұл фобияға ұқсай бастайды: тіпті есептеу оңай болса да, егер сен қиын деп ойласаң, онда ол қиын болады. Дұрыс ойлану керек – мәселе осында жатыр.
ZHANARTU: КИМЭП Университетінде Бағдарламалық инженергия Мектебін ашудың қандай маңызы бар?
– Технология – жастар үшін ең бастысы деп ойлаймы. Сондықтан КИМЭП Университетіне бұл жаңа деңгейге өту үшін қажет. Тіпті, үлкен жастағы адамдар үшін де көптеген мамандықтарды, қандай да бір ақпараттық технологияның қалай жұмыс жасайтынын білу керек, ал жастар үшін бұл тіптен маңызды. Қазіргі уақытта технологиялардың мүмкіндіктерінде шек жоқ. Қазақстан өзінде бар технологияларымен әлемдік жетекші елдердің бірі болады деп ойлаймы.
ZHANARTU: КИМЭП Университетінің негізінде ашылуы жоспарланған Бағдарламалық инженерия Мектебіне түсу үшін талапкерлерге қандай дағдыларды игеруі керек?
– Болашақ студенттеге белгілі бір дәрежеде шығармашылық қабілет керек деп ойлаймын. Шағын заттан үлкен дүние жасай алатындай дағды болуы керек. Егер сіз жасампаз болсаңыз, онда математикалық процестер соншалықты қиын болып көбінбейді. Шығармашылық қабілет те сыни ойлау дағдысын дамытады.
ZHANARTU: Сіз әдетте студенттеріңізді қалай ынталандырасыз?
– Мен оарды ынталандыру үшін мотивациялық оқиғаларды айтып беремін. Егер өз ақылыңды белгілі бір мақсатқа бағыттасаң, онда мүмкін емес дүниенің өзі жоқ. Міндеттерге олар қиын емес секілді қараңыз, себебі өз санаңызға нені қабылдасаңыз, сол қиын болады.
ZHANARTU: BIS бағдарламасы жайлы не айта аласыз?
– Бұл бағдарлама туралы тек жақсы пікірлерді естідім. Қазіргі уақытта білім алатын студенттердің санының көптігіне қарағанда бұл бағдарлама өзін керемет көрсетуде! Сондықтан мен BIS бағдарламасына әрі қарай өркендеуді тілеймін.
ZHANARTU: Бізге уақыт бөлгеніңге және қызықты сұхбат үшін рахмет, профессор Френсис!