info@zhanartu.kz
Войти
Facebook
Instagram
  • Басты бет
  • Қор туралы
    • Қордың негізін қалаушы және құрылтайшы
  • Жобалар
    • Шалғай ауылдардағы IT
    • Қазақстандық стартап жобаларды қолдау
    • Гранттар мен тағылымдамалар
    • Аналар үйі және қайырымдылық
  • Жаңалықтар
  • Галерея
  • Байланыс

Іс талантта да, ой саптауында да емес, еңбексүйгіштік пен ұмтылыста

10.07.2020Aliya Аbulkhairova

«ZHANARTU» қайырымдылық қоры «Technovation Kazakhstan» IT-конкурсының Бас демеушісі әрі серіктесі бола отырып, «Technovation challenge» жаһандық финалының барлық қатысушыларына КИМЭП Университетінде «Нұрәлі Әлиев атындағы Бизнестегі ақпараттық жүйелер» (бұдан әрі – BISB) бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға гранттар ұсынды. Аида Хамиева осы конкурс финалистерінің бірі ретінде осы мүмкіндікті пайдаланды.

Менің атым Хамиева Аида, мен 20 жастамын. Мен Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін (НЗМ) аяқтадым. Қазір мен BISB бағдарламасы бойынша KIMEP университетінің студентімін, «ZHANARTU» қайырымдылық қоры грантының иегерімін.

НЗМ-ге түскенге дейін менің алғашқы мектебімде, өкінішке орай, физика мен информатика әлсіз болса да, математика сабақтарын жақсы көретінмін. Сондықтан НЗМ-ге түскеннен кейін өз сыныптастарымды бағдарлама бойынша қуып жету үшін маған көп еңбектеніп, күш-жігерімді салуға тура келді. Сонда ғана мен өзім ойлағандай техникалық ақыл-ойдың адамы емес екенімді түсіндім. Дегенмен, нақты ғылымдар қызықты болды және маған ұнады. Кейде маған өз сыныптастарыма қарағанда, нақты ғылымдарды зерттеуге көп уақытым мен еңбегімді жұмсайтындай болып көрінетін. Бұл әрдайым менің көңілімді қалдыратын, бірақ мен берілмедім.

2017 жылы мен басқа мектеп-гимназияның қыздарымен таныстым, олар мені қыздарға арналған «Technovation Challenge» халықаралық IT-конкурсына қатысуға шақырды. Конкурстың мәні мобильді қосымша арқылы жұмыс істейтін өз әлеуметтік бизнесіңді құру идеясында болды, оны команда өз бетінше әзірлеуі керек еді.

Біз – «GoWaCo» командасымыз, бұл «Go Waste Conscious» дегенді білдіреді. Біз өз мобильді эко-қосымшамыз арқылы оқушылар, студенттер және қарапайым тұрғындар арасында макулатураны сұрыптау, тапсыру және кәдеге жарату практикасын көпшілікке танытқымыз келді. Біздің қосымшаның белсенді пайдаланушылары ұпайлар мен бонустар алды, көшбасшылыққа арналған жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болды. Біз Қазақстан тұрғындарының өз қоршаған ортасын қорғаудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінгенін қаладық. Біз конкурстың ақтық сынынан (бүкіл әлем бойынша үздік топ-6 командасына өту!) өткен кезде және «Technovation Challenge» халықаралық судьялар алдында өз жобамызды таныстыру үшін Америкаға ұшуға шақырту алған кезде шексіз бақытқа бөлендік!

Сол сәтте мен физматта оқуға жұмсаған еңбегім мен уақытымның есесі қайтқанын анық түсіндім. Іс талантта да, ой саптауында да емес, еңбексүйгіштік пен өз мақсатыңа ұмтылыста! Қазір ҚМЭБИ-де оқып жүріп, дұрыс жолмен келе жатқанымды сеземін. Маған біздің университетте барлығы өте жақсы, яғни барлық процесс автоматтандырылған және ұйымдастырылған, құзыретті және қолдайтын оқытушылардың болғаны ұнайды. BISB-да бизнес және бағдарламалау сияқты екі мамандықты біріктіруге болады, мұның керемет келешегі бар.

Нұрәлі Әлиевке жастарға қолдау көрсеткеніне үлкен алғысымды білдіргім келеді! Университетте мүлдем жаңа мамандық ашу өте қиын, бірақ «ZHANARTU» қорының командасы мұны өте жақсы орындап шықты.

Алдыңғы пост Нұрәлі Әлиев теңбілше Симбаға арналған торқоршау салуға дайын Next Post Нурали Алиевтің «ZHANARTU» қайырымдылық қоры және оның серіктестері Қазақстанға гуманитарлық көмек жеткізді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Іздеу

Категориясы

  • IT ауылда (1)
  • Uncategorized @kz (4)
  • Видео галереясы (1)
  • Гранттар (12)
  • Жаңалықтар (42)
  • Стартап (2)

Соңғы жаңалықтар

  • “ЭЕМ оқыту және үлкен деректерді өңдеу – BIS бағдарламасының студенттердің қызығушылығын тудыратын негізгі тақырыптардың бірі ” – Энгин Менди 09.11.2023
  • «Технологияның мүмкіндігінде шек жоқ» – Фрэнсис Амаго   26.10.2023
  • «Power Camp» – жасөспірімдерге арналған бірегей спорттық лагерь 31.08.2023
  • Ойындарды әзірлеу және виртуалды шындыққа айналдыру 09.07.2023
  • IT-үрдістер: «Компьютерлік көру» 25.05.2023
  • AR, AI, блокчейн, деректерді өңдеу және басқа технологияларды қолдану арқылы бизнесті цифрландыру 12.04.2023
  • 2023 жылы компанияларға өз бизнесін цифрландыруға не кедергі? 05.04.2023
  • Нұрәлі Әлиев «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» Бакалавриат бағдарламасының алғашқы түлектерін құттықтады 03.06.2022
  • «Бұл тек биттер мен байттар емес» – доктор Умут Тосун 31.03.2022
  • “BISB бағдарламасының ерекшелігі – оның бірегейлігі” – Анара Агибаева 10.02.2022

Облако меток

IT Zhanartu Интернет ауыл инфрақұрылым

© 2017 ZHANARTU. Барлық құқықтар сақталған.

  • Басты бет
  • Қор туралы
  • Жобалар
  • Жаңалықтар
  • Байланыс