info@zhanartu.kz
Войти
Facebook
Instagram
  • Басты бет
  • Қор туралы
    • Қордың негізін қалаушы және құрылтайшы
  • Жобалар
    • Шалғай ауылдардағы IT
    • Қазақстандық стартап жобаларды қолдау
    • Гранттар мен тағылымдамалар
    • Аналар үйі және қайырымдылық
  • Жаңалықтар
  • Галерея
  • Байланыс

Мамандығым маған жаңа елдер мен жаңа мүмкіндіктер ашты

06.03.2020Aliya Аbulkhairova

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қор бұл материалды КИМЭП Университетінде «Нұрәлі Әлиев атындағы Бизнестегі ақпараттық жүйелер» (бұдан әрі – BISB) бағдарламасы бойынша гранттың иегеріне арнайды. Алуа Нұрбекова қормен неге BISB-ны таңдағанын бөлісті. Қазір Алуа Сингапурдағы ең мықты ЖОО-лардың бірінде алмасу бағдарламасы бойынша оқып жүріп, Түркияда халықаралық конгреске арналған «Ақпараттық жүйелер және бизнес әлемі» саласында зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Алуа Нұрбекова: «Кім болғым келеді?» – бұл сұрақ мені мектептің жоғары сыныбында оқып жүрген кезден мазалады. Мен бірден бәріне: гуманитарлық техникалық, перспективалы, сұраныстағы қызмет бағыттарына ие болғым келді. Мені еліміздің және шетелдің бірнеше жоғары оқу орны «Іскерлік әкімшілендіру», «Автоматтандыру және басқару» бағдарламаларына қабылдады. Мүлдем әртүрлі бағыттар, солай емес пе? Бірақ бір нәрсенің дұрыс емес екенін сездім, біреуі болмаса, екіншісі менің талаптарыма толықтай сәйкес келмеді.

2018 жылдың шілде айы болатын, маған КИМЭП университетінен қоңырау шалып, жаңа мамандық туралы айтты және «байқап көргің келмейді ме?», -деп сұрады. «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» – бұл мен қалаған нәрсе. Мен бірден осы мамандық туралы ақпаратты оқи бастадым, мен неғұрлым көп іздеген сайын, соғұрлым нақ осыны іздеп жүргенімді түсіндім! Өйткені, бұл соншалықты икемді мамандық: мен бизнес саласында білім аламын, қазір барлық жерде қажетті ақпараттық жүйелер саласында практикалық білім аламын, ақырында, мен қазіргі әлемде өте өзекті болып саналатын дерекқорды басқаруды үйренемін. Көп ойланбастан, мен өз құжаттарымды тапсырдым, іріктеу кезеңінен өттім, міне, енді мен «ZHANARTU» қорынан «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Нұрәлі Әлиевтің атаулы грантының иегерімін.

Қазір менің екінші оқу жылым өтуде, мен әр жаңа модуль сайын білім ала түсудемін деп айта аламын, әрі сол сәттен бастап дұрыс таңдау жасағанымды түсінемін. Осы жылы мен студенттік өмірге үйреніп, түрлі кейс-чемпионаттарға қатысып, өз білімімді практикада шыңдап, студенттік ұйымдарға қосылып та үлгердім. Екінші оқу жылымда мен шетелдік тәжірибені бойыма сіңіргім келетінімді түсіндім. КИМЭП көптеген университеттермен ынтымақтасады, осылайша менде таңдаудың кең аясы болды. Көп ойланып, мен Ақпараттық жүйелер мектебі Азиядағы ең мықтылардың бірі болып табылатын Singapore Management University университетін таңдадым. Осында жүріп дұрыс таңдау жасағаныма көзім жетті.

Мен болашақта өз елімде инновациялық өзгерістерді енгізу үшін тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Сингапурда жүріп, мен Түркия Университеті ұйымдастырған «Ақпараттық жүйелер және бизнес әлемі» тақырыбындағы зерттеу жұмыстарының конгресіне қатыстым. Зерттеу жұмысымды жібергеннен кейін мені осы көктемде Ыстанбұлға өз жұмысымды қорғауға шақырды. КИМЭП Университетінде осындай оқиғаға толы жолым бар, ал менің оқуы жылымның кем дегенде жартысы әлі алда! Мамандығым маған жаңа елдер мен жаңа мүмкіндіктер ашты. Сондықтан да менің болашақ жоспарларым Наполеонша, мен оған өте қуаныштымын.

Алдыңғы пост Мен таңдаған мамандық мүлдем әртүрлі бағыттарда қажет болуы мүмкін Next Post Бүгін «ZHANARTU» қорының стипендиаты болу құрметіне иемін

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Іздеу

Категориясы

  • IT ауылда (1)
  • Uncategorized @kz (4)
  • Видео галереясы (1)
  • Гранттар (12)
  • Жаңалықтар (42)
  • Стартап (2)

Соңғы жаңалықтар

  • “ЭЕМ оқыту және үлкен деректерді өңдеу – BIS бағдарламасының студенттердің қызығушылығын тудыратын негізгі тақырыптардың бірі ” – Энгин Менди 09.11.2023
  • «Технологияның мүмкіндігінде шек жоқ» – Фрэнсис Амаго   26.10.2023
  • «Power Camp» – жасөспірімдерге арналған бірегей спорттық лагерь 31.08.2023
  • Ойындарды әзірлеу және виртуалды шындыққа айналдыру 09.07.2023
  • IT-үрдістер: «Компьютерлік көру» 25.05.2023
  • AR, AI, блокчейн, деректерді өңдеу және басқа технологияларды қолдану арқылы бизнесті цифрландыру 12.04.2023
  • 2023 жылы компанияларға өз бизнесін цифрландыруға не кедергі? 05.04.2023
  • Нұрәлі Әлиев «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» Бакалавриат бағдарламасының алғашқы түлектерін құттықтады 03.06.2022
  • «Бұл тек биттер мен байттар емес» – доктор Умут Тосун 31.03.2022
  • “BISB бағдарламасының ерекшелігі – оның бірегейлігі” – Анара Агибаева 10.02.2022

Облако меток

IT Zhanartu Интернет ауыл инфрақұрылым

© 2017 ZHANARTU. Барлық құқықтар сақталған.

  • Басты бет
  • Қор туралы
  • Жобалар
  • Жаңалықтар
  • Байланыс