info@zhanartu.kz
Войти
Facebook
Instagram
  • Басты бет
  • Қор туралы
    • Қордың негізін қалаушы және құрылтайшы
  • Жобалар
    • Шалғай ауылдардағы IT
    • Қазақстандық стартап жобаларды қолдау
    • Гранттар мен тағылымдамалар
    • Аналар үйі және қайырымдылық
  • Жаңалықтар
  • Галерея
  • Байланыс

Нұрәлі Әлиев: «Бізде осындай прогрессивті жастар бар екеніне қуаныштымын»

15.04.2021Aliya Аbulkhairova

«ZHANARTU» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Нұрәлі Әлиев КИМЭП Университетінде  «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» (BISB) жаңа бағдарламасын табысты аяқтаған алғашқы студент Дінмұхаммет Жолдыбаймен кездесті. Дінмұхаммет «ZHANARTU» Қайырымдылық Қорының грантының иегері. Ол алғашқы талапкерлер қатарында жаңа BISB бағдарламасына түсті. Міне, 2,5 жылдан кейін Дінмұхаммет өзінің үздік дипломын алды.

Кездесу барысында түлек Нұрәлі Рахатұлына осы жылдар бойы көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, BISB туралы алған әсерлерімен бөлісті, өзінің жобалары мен алдағы жоспарлары туралы айтты.

«Сіз көптеген жобалардың және көп жетістіктердің иегерісіз. Бізде осындай прогрессивті жастар бар екеніне өте қуаныштымын. Біз де бағдарламаны ақпараттық жүйелерде белсенді, жүйеде озған және оны түсінетін жастар үшін жасауға тырыстық» – деп, Н. Әлиев әңгіме барысында атап өтті.

Сондай-ақ қордың негізін қалаушы Дінмұхамметке оның бизнес-жобаларында тәлімгерлікті ұсынды: «Біз алдағы уақытта Сізбен байланыста боламыз. Сізден бастап осындай клуб немесе біз пікір алмасатын қауымдастық құрылады деп есептеңіз. Сізде бәрі енді басталады. Сізге үлкен табыстар тілейміз!»

Естеріңізге сала кетейік, «Нұрәлі Әлиев атындағы Бизнестегі ақпараттық жүйелер бакалавры» жаңа академиялық бағдарламасы 2018 жылы КИМЭП Университетінде басталды. Бағдарлама мәліметтер базасын басқару, жеткізілім тізбегі, бағдарламалау, статистика, электронды бизнес, бұлтты технологиялар және т. б. сияқты пәндерді зерттеуді қамтиды.

Алдыңғы пост Дінмұхаммет Жолдыбай: мен дер кезінде қажетті жерде болдым Next Post Қазіргі IT саласындағы қыздар үшін мүмкін емес ештеңе жоқ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Іздеу

Категориясы

  • IT ауылда (1)
  • Uncategorized @kz (4)
  • Видео галереясы (1)
  • Гранттар (12)
  • Жаңалықтар (42)
  • Стартап (2)

Соңғы жаңалықтар

  • “ЭЕМ оқыту және үлкен деректерді өңдеу – BIS бағдарламасының студенттердің қызығушылығын тудыратын негізгі тақырыптардың бірі ” – Энгин Менди 09.11.2023
  • «Технологияның мүмкіндігінде шек жоқ» – Фрэнсис Амаго   26.10.2023
  • «Power Camp» – жасөспірімдерге арналған бірегей спорттық лагерь 31.08.2023
  • Ойындарды әзірлеу және виртуалды шындыққа айналдыру 09.07.2023
  • IT-үрдістер: «Компьютерлік көру» 25.05.2023
  • AR, AI, блокчейн, деректерді өңдеу және басқа технологияларды қолдану арқылы бизнесті цифрландыру 12.04.2023
  • 2023 жылы компанияларға өз бизнесін цифрландыруға не кедергі? 05.04.2023
  • Нұрәлі Әлиев «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» Бакалавриат бағдарламасының алғашқы түлектерін құттықтады 03.06.2022
  • «Бұл тек биттер мен байттар емес» – доктор Умут Тосун 31.03.2022
  • “BISB бағдарламасының ерекшелігі – оның бірегейлігі” – Анара Агибаева 10.02.2022

Облако меток

IT Zhanartu Интернет ауыл инфрақұрылым

© 2017 ZHANARTU. Барлық құқықтар сақталған.

  • Басты бет
  • Қор туралы
  • Жобалар
  • Жаңалықтар
  • Байланыс