Биылғы 2020 жылы «Technovation Kazakhstan» конкурсына бес жыл толады. Осы конкурстың бас әріптесі және демеушісі ретінде «ZHANARTU» қайырымдылық қоры Сан-Франциско қаласында өткен «Technovation Kazakhstan-2019» жаһандық финалының жеңімпаздарымен әңгімелесті. Оқушылар құрамына Любовь Дудченко, Малика Бурибаева, Дана Ерланова, Дильназ Камалова және ментор Мөлдір Құсайынова кіретін «СоСо» командасы қорға Кремний алқабына өз сапарлары туралы айтып берді.
ZHANARTU: Құрметті қыздар, алдымен біз сіздің командаңызды өткен жаздағы конкурстың жаһандық финалында сәтті өнер көрсетуімен тағы да құттықтағымыз келеді! Кремний алқабына сапар – бұл, сөзсіз, «Technovation Kazakhstan» кез келген қатысушы командасының басты мақсаты. Біз еліміздің командасының бірнеше жыл қатарынан «Technovation Сhallenge» бас финалына дәстүрлі түрде өтіп, Сан-Франциско қаласына баратынын мақтан тұтамыз. Сапардан алған әсерлеріңіз туралы айтып берсеңіз. Ол қалай болды?
Мөлдір Құсайынова, «CoCo» командасының менторы:
– Құттықтауыңызға рақмет! Сапарға келсек, «Technovation challenge» финалында халықаралық төрешілер алдында мобильді қосымшаның таныстырылымы барлығымызға өте мазмұнды және пайдалы тәжірибе болды. Қыздардың әрқайсысы алған білімдерін болашақта қолдана алатынына сенімдімін. Сапардың ерекше естеліктерін Stanford университетінің кампусына барумен байланыстырамын. Біз оның оқыту ғимараты ортасына ендік, қабылдау комиссиясының өкілдерімен таныстық. Қыздарға өте ұнады! Бұл АҚШ-тың алдыңғы қатардағы жоғарғы оқу орындарына түсуді жоспарлап отырған қыздарға пайдалы тәжірибе болды деп ойлаймын.
Дана Ерланова, «CoCo» командасының мүшесі:
– Осы сапар маған өте ұнады. Мен қызықты фактіні қоса кетейін: Stanford университетінің кампусы бойы жүріп шыққан уақыт біздің қадамөлшеуіш бойынша 24 000 қадамды көрсетті! Ең есте қаларлық сәт университет субұрқағының жанында күшіміз таусылып жатқанымыз – өте шаршаған сәт, бірақ бақытты сәт! Мен Сан-Францискоға міндетті түрде қайта оралғым келеді. Бұл – жұмыс үшін тамаша қала, шын мәнінде – қымбат, бірақ айтишник үшін болашағы зор қала.
Малика Бурибаева, «CoCo» командасының мүшесі:
– Иә, сапар кезінде, әрине, Сан-Францисконың өзі ұнады. Біз Кремний алқабының бірнеше танымал орындарына бардық, атап айтқанда, біз Uber, Google, Facebook, NASA, Apple офистерінде болып, онда жұмыс істейтін адамдармен таныстық. Мысалы, Apple-да жұмыс жасайтын қазақстандықпен және Uber мен Facebook-та жұмыс істейтін басқа да балалармен. Бізге олардың Кремний алқабында әзірлеуші өмірінің қандай болатыны туралы мәнді әңгімелері ұнады. Біз әлемнің ең үздік
АТ-компанияларындағы жұмыстың ерекшеліктері туралы білдік! Енді біз бәрін өз көзімізбен көргеннен кейін, неге қол жеткізу керектігі айдан анық.
Дильназ Камалова, «CoCo» командасының мүшесі:
– Иә, маған және Любаға Apple-дің Купертинодағы офисі ерекше әсер етті. Олардың стилі мен корпоративтік мәдениеті өздерінің өнімдері мен құндылықтарына сәйкестігін толық көрсетеді.
ZHANARTU: Өз өніміңізді Кремний алқабында «өткізе» алдыңыз ба?
Мөлдір Құсайынова: Сатуға мүмкіндік болмады. Бірақ байқау финалына бір күн қалғанда біз өз жобамызды «Google Ventures»-ке таныстырдық, онда осы компанияның түрлі департаменттерінің сарапшылары бізге кері байланыс жасау мүмкіндігін берді. Біз ІТ-индустриясының үздік сарапшыларынан көптеген жаңа инсайттар мен пайдалы кеңестер алдық. Конкурс финалынан кейін біз командамызбен Apple, Google, Facebook офистеріне барып, олардың қызметкерлерімен кездестік. Осындай көшбасшы tech-алыптарда біздің отандастарымыздың негізгі позицияларда жұмыс істейтіндігі шабыттандырды. Олардың тәжірибесі бізге шабыт берді, бұл өз күш-жігерімізбен бәріне қол жеткізуге болатынын көрсететін жақсы үлгі. Енді біз сапар кезінде алынған барлық түсіндірмелерді ескере отырып, қосымшаны дамытуды жоспарлап отырмыз.
ZHANARTU: Сапардың мақсаты – «Technovation challenge» жаһандық финалында мобильді қосымшаны таныстыруға оралайық. Өз қосымшаңыз туралы қысқаша айтып берсеңіз?
Дильназ Камалова: Біз өз IT-өнімімізді «TECO» деп атадық. Бұл халықтың экологиялық ілімін арттыруға бағытталған мобильді 3D-қосымшасы. Қосымша ойын форматында ұсынылған. Біздің ойынымызда толықтырылған шынайы элементтер мен қосымша құрылғылар бар. Осылайша, «TECO» адамдарды ойын түрінде қоқысты қайта өңдеуге (recycling) үйретуге арналған.
Малика Бурибаева: «TECO» адамдарды экологиялық өмір салтын ұстануға және қоршаған ортаны қорғауға ынталандыруға, яғни алдымен өзінен бастауға арналған. Біз бүкіл Қазақстан бойынша біздің қосымшаны іске қосқымыз келеді, қазір ол біздің мектептерде іске қосылған. Біз қазірдің өзінде пайдаланушыларға еңбегімен тапқан ұпайлары үшін киноға, театрға және т.б. билеттерге арналған промокодтарды қамтамасыз ететін билеттерді сату бойынша онлайн-платформамен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Біз Econetwork және Rocket Plastic-пен де ынтымақтасамыз. Қаламыздағы басқа мектептер, университеттер мен компаниялар үшін, одан әрі Қазақстанның басқа қалаларына қосымша енгізу жоспарда бар. Әрине, біз, шын мәнісінде, Орталық Азия бойынша біздің мобильді қосымша платформада эко-қоғамдастық құрғымыз келеді.
ZHANARTU: Жан-жақты әрі терең ойланатындарыңыз өте қуантады. Жарайсыңдар, қыздар! Қазір әрқайсыңыз немен айналысасыңдар?
Мөлдір Құсаинова: Барлық қыздар бір мектептен, яғни Алматы қаласының физика – математика бағыты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінен. Дильназ, Дана және Махаббат 11-ші сыныпта, Малика 10-шы сыныпта оқиды.
Любовь Дудченко: Қыздармен бәрімізде қызығушылықтарымыз бен ұнататын ісіміз ортақ. Мысалы, Малика, Дильназ және мен робот техникасымен айналысамыз. Біз робот техникасы бойынша түрлі конкурстарда жүлделі орындарды иеленудеміз.
Малика Бурибаева: Бос уақытымда мен бағдарламалаумен де айналысамын. Жақында дебатқа қатыса бастадым, сүйікті ісім – сурет салғанды ұнатамын, француз тілін үйренудемін. Белсенді өмір салтын – йоганы, жүгіруді немесе қалада серуендеуді ұнатамын.
Дильназ Камалова: Мен бейнемейкингті жақсы көремін, ал Дана болса, өзінің Youtube-Dana Yerlan арнасын (жазылыңыздар;) жүргізеді.
Дана Ерланова: Шын мәнінде, Сан-Францискоға сапардан біз ерекше әсер алып келдік, сондықтан енді АҚШ, Еуропа, Қазақстан немесе Ресейдің үздік жоғары оқу орындарына оқуға және оған дайындыққа көп уақыт бөлудеміз. Біз, әрине, Плюща Лигасының немесе Стэнфорд, МИТ (еск. – Массачусетс технологиялық институты) университеттеріне түсуді армандаймыз.
ZHANARTU: Мөлдір, сұрақ сізге қойлады. Бұл команданың
ментор-тәлімгерлігінен басқа, сіз IT-стартапының негізін қалаушысы боласыз. Сіз күн сайын еліміздің IT-жастарымен кездесетініңіз сөзсіз.
Молдир, вопрос к Вам. Помимо менторства этой команды, Вы являетесь основателем IT-стартапа. Наверняка Вы ежедневно сталкиваетесь с IT-молодежью нашей страны. Сіз «СоСо» қыздарының IT-әлеуетін қалай бағалайсыз?
Мөлдір Құсаинова: «CoCo» командасының менторы ретінде идеяны таңдаған сәттен бастап ол жүзеге асырылғанға дейін жобаны сүйемелдедім. Жоба бойынша жұмыс барысында қыздар кодты өз бетімен жазуға ғана емес, сонымен қатар бизнес-жоспар құруға, үлкен аудитория мен халықаралық құзыретті судьялар алдында өз идеяларын таныстыруға үйренді. Бұл қыздардың IT-дегі таланты мен ынтасы, менің стартаптағы жұмыс істеу дағдыларым бізге дайын бизнес-өнімді ұсынуға көмектесті. Өйткені жаһандық конкурсқа біз жұмыс істеп тұрған екі
MVP-мен бардық!
Шын мәнінде, бізде өте ақылды жастар бар. Оларға уақытында қолдау және дұрыс бағытты көрсету маңызды, ал қалғанын өздері-ақ жасайды. Technovation сияқты бастамалардың, егер біз нақты және жаратылыстану ғылымдары саласында тек білім беруде ғана емес, сонымен қатар жұмыс орындарында да гендерлік теңгерімсіздікті айтарлықтай азайтқымыз келсе, көп болуы тиіс екеніне сенемін. Осындай жобалардың арқасында көптеген қыздар IT-жобаларға тартылып, өз тәжірибесімен өсіп келе жатқан ұрпақты шабыттандырады. Қыздар бағдарламалауда өз күштерін сынап көру үшін IT саласында табысқа жеткен рөлдік үлгілерді көруге тиіс.
Осыған байланысты амбассадорлар мен еріктілерге «Technovation Challenge» ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ «ZHANARTU» қайырымдылық қорына қолдау көрсеткені және демеушілік көрсеткені үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Менің «СоСо» қыздарыма келер болсақ, жарқын болашақта IT-саладағы көптеген жеңістері мен жетістіктерін мақтанышпен бақылайтынымызға сенімдімін.
ZHANARTU: Қыздар, «Technovation Kazakhstan» туралы бірер сөз. Бұл пайдалы конкурс па?
Дильназ Камалова: Сөзсіз! «Technovation Kazakhstan» – бұл жобаларды жасау және қыздардың кодингке (еск.- бағдарламалауға) деген қызығушылығын арттыру үшін тамаша алаң. Бұл конкурсқа қатысу маған жаңа мүдделерді тануға және өз әлеуетімді бағалауға көмектесті.
Малика Бурибаева: Technovation маған командада жұмыс істеу дағдыларымды жақсартуға, әсіресе әркімнің өз көзқарасы болған жерде өзіңдікін қорғау керек болған кезде көмектесті. Сонымен қатар мен көптеген қызықты адамдармен таныстым, пайдалы нәрселерді үйрендім, енді бізде өз бизнесімізді құру дағдылары бар деп айта аламын, бұл болашақта бізге көмектесе алады.
Любовь Дудченко: Осы конкурстың арқасында мен осы компанияның қалай жұмыс істейтінін түсіндім. Мысалы, мобильді қосымша – бұл жай ғана жазылған код емес, сонымен қатар бизнес жоспармен, дизайнмен, мерчеммен және т.б. жұмыс екенін түсіндім. Бұл баға жетпес тәжірибе болды!
Дана Ерланова: Ең керемет жарыс! Technovation-ға рақмет!
ZHANARTU: Командаға сұхбат бергені үшін рақмет және сіздерге болашақта сәттілік пен табыс тілейміз!