info@zhanartu.kz
Войти
Facebook
Instagram
  • Басты бет
  • Қор туралы
    • Қордың негізін қалаушы және құрылтайшы
  • Жобалар
    • Шалғай ауылдардағы IT
    • Қазақстандық стартап жобаларды қолдау
    • Гранттар мен тағылымдамалар
    • Аналар үйі және қайырымдылық
  • Жаңалықтар
  • Галерея
  • Байланыс
  • en
  • ru

“BISB бағдарламасының ерекшелігі – оның бірегейлігі” – Анара Агибаева

10.02.2022Aliya Аbulkhairova

«Н.Әлиев атындағы Бизнестегі ақпараттық жүйелер» (бұдан әрі – BISB) бағдарламасының тағы бір түлегі туралы айтып береміз. Агибаева Анара – КИМЭП Университеті қаржыландыратын 100% грант иегері. 2018 жылы ол жаңадан жарияланған BISB бағдарламасына сәтті түсті. Ал 3,5 жылдан кейін ол бакалавриатты бітіргені туралы армандаған қызыл дипломын алады. Жоғары GPA көрсеткішін сақтаумен қатар, Анара оқу барысында бірнеше ірі компанияларда тағылымдамадан өтіп, әртүрлі кейс чемпионаттарына қатысты. «ZHANARTU» қоры бизнес саласындағы болашақ IT маманымен әңгімелесті.

ZHANARTU: Анара, ең алдымен, Сізді оқуды сәтті аяқтауыңызбен құттықтаймыз! Өз сезімдеріңізбен/эмоцияларыңызбен бөлісіңізші.

– Рахмет! Мен КИМЭП Университетін 3,5 жыл ішінде аяқтадым. Жаным қос сезімге – қуаныш пен мұңға бөленіп жатыр. Студенттік өмірімнің аяқталғаны үшін мұңаямын. Ол КИМЭП Университетінде өте мазмұнды әрі көңілді. Екінші жағынан, мен қуаныштымын, өйткені менің өмірімде жаңа кезең басталады, бұнда мені кәсіби өсу күтеді

ZHANARTU: Мамандық пен армандаған жұмысты тандау тұрғысынан немен айналысуды жоспарлап отырсыз?

– Ақпараттық жүйелер бакалаврын аяқтаған студенттің әртүрлі бағыттарды таңдау мүмкіндігі бар. Қазір мені big data management қызықтырады. Қомақты деректерді талдау клиенттердің жүріс-тұрысын болжауға, сатылымды арттыруға, алаяқтарды анықтауға және өндірістегі апаттардың алдын алуға көмектеседі. Әрбір бизнес даму үшін талдауды қажет етеді.

Оқуды бітіргеннен кейін бірден маған бірнеше жұмыс ұсынысы түсті: құрылыс компаниясынан, қаржы агенттіктерінен және екінші деңгейлі банктерден. Мен ең жақсы жұмыс берушіні таңдау мүмкіндігіне ие болғаныма өте қуаныштымын. Өйткені, беделді компанияда жақсы бастама болашақ мансап үшін өте маңызды.

ZHANARTU: BISB бағдарламасы бойынша алған білімді қолдану қажет болған кез келген оқиға/жұмыс кейстері туралы толығырақ айтып беріңізші.

– Өткен жылғы көктемде мен «Самұрық-Қазына» компаниясынан конкурстан өттім. Мен ақпараттық жүйелер саласында жоба менеджері ретінде тәжірибеден өттім. Мен ITSM (пайдаланушылардың өтініштерін өңдеу процестерін автоматтандыру жүйесі) енгізу юойынша жобаға қатыстым. Мен бизнес-процестерді зерттедім және блок-схемаларды әзірледім. Содан кейін, мен үш ай бойы үлкен төрттіктің бірі KPMG-да Technology департаментінде тағылымгер болдым. Мен BISB бағдарламасы бойынша алған пәндерімнің арқасында менің жақсы білім қорым болды және бұл маған жұмыста көмегін тигізді. Мен Excel, SQL бағдарламаларында көп жұмыс істедім.

ZHANARTU: Сіз үшін қай пәндер анағұрлым қызықты болды? Сүйікті профессорыңыз бар ма?

– Маған Дана Байзылдаева жүргізген Decision Support Systems пәні ұнайтын. Бұл курста біз Tableau, Power BI, Google Data Studio, advanced Excel бағдарламаларында жұмыс істеуді үйрендік. Дана Байзылдаеваның өзі өте қайырымды және сауатты профессор. Бізге нақты бизнес кейстерде бағдарламалау дағдыларын меңгеруге көмектескен профессор Сүлеймен Қайымды да ерекше атап өткім келеді. Оның пәндерінде біз PL/SQL, Kotlin, Cisco Packet Tracer бағдарламаларына үйрендік.

ZHANARTU: Оқу бағытын таңдау туралы шешім қабылдай алмай жүрген студентке қандай кеңес берер едіңіз?

– Оқу бағытын таңдау шынымен де оңай емес. Менің ойымша, ең алдымен, өз қызығушылықтарына сүйене отырып, бірнеше мамандықты іріктеп алу керек. Содан кейін олар туралы көбірек ақпарат біліп алу керек. «Бұл болашақта сұранысқа ие бола ма?» деген сұраққа жауап табу да өте маңызды. Алдағы 20 жылда IT-мен байланысты барлық нәрсе әлі де өзекті болады деп ойлаймын.

ZHANARTU: Сізге оқу тұрғысынан ең қиыны не болды және сіз қиыншылықтарды қалай еңсердіңіз? Оқытушылар/ата-ана/достар тарапынан қолдау болды ма?

– Жалпы алғанда, IT танымда оңай емес. Бұл сала үнемі дамуды қажет етеді. Оқуда қиындықтар туындаған кезде, менің топтастарым мен достарым маған әрқашанда қол ұшын беріп тұрды. Университет саясаты бойынша әрбір оқытушыда арнайы кеңсе сағаттар қарастырылған, сол кезде студенттер келіп, өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоя алады. Мені әрдайым қолдап жүретін және маған сенетін ата-анама жеке алғысымды білдіремін!

ZHANARTU: IT саласындағы бойжеткен – енді бұл ақиқатқа айналды ма?

– Иә, дәл солай. Қазір Кремний алқабында көп әйел жұмыс істейді. Бір қуантарлығы, Қазақстанда да осы салада жұмыс істейтін қыздар саны жыл сайын артып келеді.

ZHANARTU: КИМЭП Университеті туралы бірер сөз. Сіздің ойыңызша университеттің ерекшелігі неде?

– КИМЭП американдық кредиттік оқыту жүйесіне сәйкес білім береді. КИМЭП-те студенттер өз кестесін өздері жасайды. Бұл өте ыңғайлы. Университетте сен пікірлестер мен жақсы достарды оңай таба аласың. Менің ойымша, КИМЭП тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үшін тамаша жағдай жасайды. Мен сүйікті КИМЭП Университетіне сапалы білім мен қызықты студенттік өмірім үшін шексіз алғысымды білдіргім келеді.

BISB бағдарламасының ерекшелігі – оның бірегейлігі, басқа қазақстандық жоғары оқу орындарында ондай жоқ. Нұрәлі Әлиев пен оның “ZHANARTU” қорына Қазақстанда осындай перспективалы және бірегей бакалавриат бағдарламасын құру бастамасы және ол бойынша алғашқы қарлығаштар қатарында оқу мүмкіндігі үшін үлкен рахмет.

ZHANARTU: Соңында, BISB студентіне қандай кеңес бересіз?

– Мен BISB студенттеріне қатаң оқытушылардан күрделі пәндерді алудан қорықпауға кеңес беремін. Оқу-жаттығуда қиын болса, ұрыста оңай болады деген нақыл сөз бар емес пе?

ZHANARTU: Анара, Сізге ілтипатыңыз, табандылығыңыз және үздік оқуыңыз үшін рахмет! Алдағы мансапта жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Алдыңғы пост “BISB аяқталғаннан кейін менде IT саласында көптеген бизнес-идеялар пайда болды” – Досжан Серикбек Next Post «Бұл тек биттер мен байттар емес» – доктор Умут Тосун

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Іздеу

Категориясы

  • IT ауылда (1)
  • Uncategorized @kz (4)
  • Видео галереясы (1)
  • Гранттар (12)
  • Жаңалықтар (42)
  • Стартап (2)

Соңғы жаңалықтар

  • “ЭЕМ оқыту және үлкен деректерді өңдеу – BIS бағдарламасының студенттердің қызығушылығын тудыратын негізгі тақырыптардың бірі ” – Энгин Менди 09.11.2023
  • «Технологияның мүмкіндігінде шек жоқ» – Фрэнсис Амаго   26.10.2023
  • «Power Camp» – жасөспірімдерге арналған бірегей спорттық лагерь 31.08.2023
  • Ойындарды әзірлеу және виртуалды шындыққа айналдыру 09.07.2023
  • IT-үрдістер: «Компьютерлік көру» 25.05.2023
  • AR, AI, блокчейн, деректерді өңдеу және басқа технологияларды қолдану арқылы бизнесті цифрландыру 12.04.2023
  • 2023 жылы компанияларға өз бизнесін цифрландыруға не кедергі? 05.04.2023
  • Нұрәлі Әлиев «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» Бакалавриат бағдарламасының алғашқы түлектерін құттықтады 03.06.2022
  • «Бұл тек биттер мен байттар емес» – доктор Умут Тосун 31.03.2022
  • “BISB бағдарламасының ерекшелігі – оның бірегейлігі” – Анара Агибаева 10.02.2022

Облако меток

IT Zhanartu Интернет ауыл инфрақұрылым

© 2017 ZHANARTU. Барлық құқықтар сақталған.

  • Басты бет
  • Қор туралы
  • Жобалар
  • Жаңалықтар
  • Байланыс
  • en
  • ru