Ол үшін кез келген бағдарламалық код – бұл өнер. «Нұрәлі Әлиев атындағы Бизнестегі ақпараттық жүйелер» (BISB) бағдарламасы бойынша грант иегері Нұрғиса Аждаров өзінің IT өнерін үйрену тарихымен бөлісті және бағдарламалау тілін ағылшын немесе қытай тілі сияқты шет тілі деп неге есептейтінін айтты.
Менің атым Аджаров Нұрғиса, мен – КИМЭП университетінің «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» факультетінің студентімін, бұл менің өзім туралы әңгімемнің шағын үзіндісі. Мен – Қарағандыдан шыққан қарапайым жігітпін. Мен алғашқы компьютеріме 5 жасымда ие болдым. Ол компьютер өз өлшемдері бойынша қазіргі заманғыларға қарағанда бірнеше есе үлкен және әлдеқайда баяу болды. Сол кезден бері мен күні-түні «комп. алдында» отырдым. Барлығы әрбір бала сияқты компьютерлік ойындарға балалық әуестіктен басталды. Бірте-бірте менің қызығушылық шеңберім кеңейе бастады: маған музыка тыңдау, фильмдер көру, интернетте қандай да бір жаңалық оқу және т.б. ұнады.
Алайда, мен үшін бәрі компьютер алдында отырған кез келген баламен салыстырғанда бірдей қалыптаспады. Білімге деген құштарлық пен ақиқатқа кенелу ниетім мені бағдарламалаумен және графикалық бағдарламалармен танысуға алып келді. Барлығы болмашы істен: қарапайым алгоритмдер мен Paint-тағы нашар суреттерден басталды. Осының арқасында қазір компьютерлік ойындарды бағдарламалауда, дизайны мен жасап шығаруда жақсы тәжірибем бар. Менің ағам қалжыңдап, «компьютердің радиотолқындарымен тамақтанатын» шығарсың деп айтатын, өйткені бағдарламалауды зерделеп, мен тамақтануды да жиі ұмытатынмын. Бір жағынан онікі дұрыс болатын, себебі темір бөлігі арқылы алынған ақпарат ағыны менің зияткерлік дамуым үшін қоректік зат болды. Сол кездегі менің сыныптастарым мен достарым мені «тым қызығушы» немесе жай ғана тұйық деп сипаттауы әбден мүмкін деп пайымдаймын. Достарым компьютерде ойындар мен интернеттен басқа маған не қызық екенін түсінбейтін. Менің таныстарымның көпшілігі мен жұмыс істеген кодтардың үлкен бөліктерін көріп әрі таң қалысып, мені «ботаник» деп, кейде тіпті «хакер» деп те атаған. Бірақ мен мектепте өте жақсы оқып, спортпен айналысуды, музыка мектебіне баруды және … бағдарламалауды жалғастырдым. Бақытыма орай, бүгін мен «қызметтес әріптестерімді» таптым. Олардың бірі, менің досым Абылайхан Әшім, ол да менімен бірге BISB бағдарламасында оқиды. Біз ZHANARTU стипендиаттары болғанымызды мақтан тұтамыз. Біз үшін бағдарламалау – бұл «шығармашылық экспрессиясы» тәсілдерінің бірі. Әуесқой көзқарасқа кодтар тек қарапайым кодтар сияқты көрінеді. Мен үшін кез келген бағдарламалық код – бұл жекелеген өнер жұмысы. Суретшілер сияқты әзірлеушілер өздерінің болашақ бағдарламасын ұсынады, содан кейін оны кодтар арқылы қайта жасап шығарады. Өнерде барлық адамдар суретшінің күш-жігері мен еңбегін айқын бағалай алады, бірақ бағдарламалармен жағдай басқаша. Менің кәсіпқойлар тобында «Unity» көмегімен компьютерлік ойындарды жасау тәжірибем бар. Біз көп жұмыс істедік, бірақ шығарылым кезінде пайдаланушылар, осы интерфейстің артында кім және не тұрғанын ойламастан, экрандағы көріністерді ғана байқайды. Сондықтан мен интернет және «ақылды машиналар» дәуірінде әр адам әзірлеушілердің еңбегін бағалай білу және бағдарламаның жұмысы туралы түсінікке ие болу үшін кем дегенде бір бағдарламалау тілін білуі керек деген пікірді ұстанамын. Бағдарламалау тілі – нақ сол шетел тілі, ол тек машиналармен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Мен өз әңгімемде «ZHANARTU» қорына және Нұрәлі Рахатұлы Әлиевке мені байқағандарыңыз, маған сенім білдіргендеріңіз және өзім қалаған жерде оқуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін бөлек рақмет айтқым келеді. «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» бакалавриаты тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де жаңа бағыт болып табылады.
Әлем туралы сөз еткенде, менің күзгі семестрімді SMU (Singapore Management University) алмасу бойынша оқығанымды айтуға болады, онда осыған ұқсас факультет бар шетелдік университеттердің бірі. Сингапур тропикте орналасқан, ал қазіргі Сингапур бетон мен шыныдан жасалған заманауи технологиялардың джунглиіне ұқсайды. Мұндай джунглиде жақсы әзірлеуші маманның жоғалып кетпейтіні сөзсіз. Мен Қазақстанда бұл бағыттың да аяққа нық тұрып келетінін көргеніме қуаныштымын. Қазір мен қол жеткізген жетістіктеріммен тоқтап қалмай, оқып, тәжірибе жинақтап, ұсынылған барлық мүмкіндіктерді пайдалануды жоспарлаймын. Мұның барлығы маған болашақта өз әлеуетімді іске асыруға көмектеседі деп сенемін. Сөз соңында: егер сіз тек ІТ-ге жақын болсаңыз және онымен айналысу сізге ұнаса, онда мен ойланбастан іске кірісіп,
КИМЭП-ке BISB-ге түсуді ұсынамын!